"Болашақ" бағдарламасының жоспары бекітілді

Жаңалықтар
07.08.2015, 16:26

Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шетелде кадрдар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. 

«Соңғы кезде осы бағдарлама бойынша 2016-2020 жылдарға дейінгі ұсыныс дайындалды. Ол ұсыныстар қазір «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен байланыстырылып жатыр. Сондықтан да Премьер-Министрдің қатысуымен Үкіметте де бірнеше рет қаралды. Енді Елбасыға басты ұсыныстарды енгізуіміз керек. Осы орайда бүгін бұл жөнінде тағы бір рет қарастырамыз», - деді Мемлекеттік хатшы.

Отырыс барысында комиссия мүшелері «Болашақ» халықаралық стипендиясының 2016-2020 жылдарға арналған даму жоспарын мақұлдады.

Даму жоспарында көзделген «Болашақ» стипендиясын дамытуға және жетілдіруге бағытталған бастамалар талқыланды. Сонымен қатар жиында кезекті конкурстық іріктеудің үміткерлеріне стипендия тағайындау мәселелері, азаматтардың өтініштері қаралды.

Сұхбат

PhotoRoom