Алматының әкімі кім болады?

Жаңалықтар
09.08.2015, 10:21

Күннің жексенбі екеніне қарамастан, Алматы қаласының активі өтеді. Бұл туралы sayasat.org сайты хабарлаған болатын.

Елбасының қала активімен кездесуінде шаһарға жаңа басшыны тағайындайтын көрінеді. Нән қаланы басқаруға әркез кандидаттар көп. Күні кешеге дейін "Нұр Отан" Төрағасының Бірінші орынбасары болған Бауыржан Байбек пен бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаевтың аты аталып жүр. Бауыржан Байбек бұған дейін әкімдік қызметте болған емес. Ал тәжірибелі Бақытжан Сағынтаевтың қасына, тағы бір үміткер ретінде экс-әкім, сайлауда Президенттің сайлауалды штабының жұмысын жүргізген Мұхтар Құл-Мұхаммедті де қосуға болады.

Сұхбат

PhotoRoom