Балалар қауіпсіздігіне арналған сайт ашылды

Жаңалықтар
10.08.2015, 10:33

Қазақстанда балалар қауіпсіздігіне арналған www.amansabi.kz атты ақпараттық ресурс өз жұмысын бастады деп хабарлайды Қазақпарат. 

Сайтта сәби шақтан 17 жасқа дейінгі балалар қауіпсіздігіне қатысты ақпараттар жүктелген, дейді сайтты өз бастамасымен ұйымдастырған Астана тұрғыны Динара Құсайын. Ол сондай-ақ сайтта аналарға арналған блогты да жүргізуде.

Аталған сайт ата-аналарға, тәрбиешілер мен мұғалімдерге және ең бастысы - балаларға, сондай-ақ жалпы көпшілікке арналған. Amansabi.kz ақпараттық ресурсына «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры қолдау көрсетті.

Алдағы уақытта сайт пайдалы кеңестермен, балалар қауіпсіздігі жайындағы халықаралық сарапшылардың материалдарымен толыға түспек.

Сұхбат

PhotoRoom