Қырғызстан ЕАЭО мүшесі атанды

Жаңалықтар
12.08.2015, 11:17

Бүгін, 12 тамызда Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалдық одақ (ЕАЭО) туралы шартқа қосылуы туралы шарт күшіне енді. Қырғызстан Армения, Беларусь, Қазақстан және Ресеймен қатар Одақтың толыққанды мүшесі болды, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі.

Қырғызстанның ЕАЭО-ға қосылуы ықпалдастық жақындасу жөніндегі үлкен бірлескен жұмыстың қорытындысы. 2014 жылы Қырғызстанды еуразиялық ықпалдастық жобасына қосу жөніндегі «жол картасы» жүзеге асырылды, ол ел экономикасын ЕАЭО заңнамасы мен тәжірибесіне бейімдеуге  жәрдемдесті. Атап айтқанда, кеден инфрақұрылымын жаңғыртумен байланысты тұтастай мәселелер кешені шешілді.

2014 жылғы 23 желтоқсанда Жоғарғы Еуразиялық экономикалық одақ (ЖЕАЭО) отырысында Қырғызстанды ЕАЭО-ға қосу туралы шартқа қол қойылды. 2015 жылғы 8 мамырда ЕАЭО мүше-мемлекеттерінің басшылары ЖЕАЭО отырысындва Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіруінің шарттары мен ерекшеліктерін белгілейтін екі хаттамаға қол қойды.

Одаққа мүше-мемлекеттер келісім күшіне енуі үшін қажетті барлық мемлекетішілік іс-әрекеттерді орындады.

ЕАЭО-ға қосылу Қырғызстанға жаңа мүмкіндіктер сыйлайды. Тауар, капитал, жұмыс күші айналымына барлық кедергілер алынады. Жаңа инвестициялық мүмкіндіктер пайда болады, сондай-ақ энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы саласында ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға жол ашылады. Қырғызстан азаматтары Одаққа мүше кез келген елде сол мемлекеттің азаматтарымен тең дәрежеде жұмыс істей алатын болады.

Қырғызстанның қосылуы Одақ қуатының артуына тың серпін береді.

Сұхбат

PhotoRoom