Жаңа институт құрылмақ

Жаңалықтар
05.05.2014, 11:43

Елімізде әлемдік болжау институты ашылады. Бұл туралы ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінен хабарлады.

«Әлемдік болжау институтын құру Қазақстан Республикасы Президентінің 4 маусым 2013 жылғы №579 бұйрығымен бекітілген 2020 инновациялық даму тұжырымдамасында қарастырылған» деп атап көрсетті министрліктің баспасөз қызметі.

Аталған институттың негізгі атқаратын қызметі - инновациялық дамудың сценариін жасау және технологиялық болжау жүйесін жетілдіру. Сондай-ақ, институт ғылыми зерттемелерді енгізу және Нобель сыйлығы лауреаттарын қатыстыра отырып, көлемді сараптамалық негіздемелер жасау жұмысымен де айналысады.

Қазіргі таңда Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі өзге мемлекеттік органдармен, ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесе отырып, жаңадан құрылатын институттың қызметін нақтылау жұмыстарын жүргізуде.

Сұхбат

PhotoRoom