Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Наталья Коржова 2015 жылдың 13-15 тамыз күндері аралығында министрліктің Алматы және Алматы облысы бойынша аумақтық бөлімшелерінің (кедендік және салық қызметтері, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменттері, қаржы мониторингі, қазынашылық және қаржылық бақылау инспекциялары) қызметкерлерімен кездесулер өткізді.
Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында Н.Коржова Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған бес институционалдық реформаның негізгі қағидаларын атап өтті. Әңгімелесудің негізгі тақырыбы Қаржы министрлігінің «100 нақты қадамда» қарастырылған міндеттерді іске асыруы төңірегінде болды.
Жауапты хатшы жаңа саяси бағытты іске асыру үшін басшылар жауапкершілігінің артылғанын атап өтті. Мемлекеттік органдарды бюджеттеу форматы нәтижелілік пен тиімділікке қарай өзгертілді. Бұдан басқа, бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік органды тиімді басқаруға көмектесуге бағытталған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заң жобасының талаптарына байланысты қаржылық бақылау органдары жүйесін қайта іске қосу көзделіп отыр.
Жемқорлыққа қарсы стратегияны желілік негізге іске асыру мақсатында Қаржы министрлігі мен оның ведомстволары жемқорлық көріністеріне септігін тигізетін жағдайларды жою жұмыстарын жүргізуде. Кездесу барысында басшылардың жемқорлыққа қарсы іс-қимылы бойынша қабылданып отырған шаралар туралы есептері тыңдалды.
Қазақпарат