АҚШ Қазақстанның Украина мәселесіндегі ұстанымына разы

Жаңалықтар
08.05.2014, 16:59

Астанада жүрген АҚШ мемхатшысының орынбасары Уиллиам Бирнс Украина мәселесі жөніндегі Қазақстанның ұстанымы үшін ризашылық білдірді.

"Біз Қазақстанның, Украинадағы жағдай жөніндегі конструктивті мәлімдемелеріне ризашылығымызды білдіреміз" - деді ол Астанада 8 мамыр күні.

Оның айтуынша, Украинадағы ахуал Украинаның өзінің де, Ресейдің де салиқалы саясат жүргізуін талап етеді, және бұл жерде ғасырлар бойғы дәстүрлі мәдени және экономикалық байланыстар көмек болмақ.

У. Бирнс сонымен бірге, Украинадағы ахуал мен Ауғанстанның созылмалы өтпелі кезеңі - қазақ халқы мен АҚШ арасындағы байланысты бұдан да тығыз ете түсу керектігін көрсетіп отыр деді.

«Бүгінгі кездесулер кезінде маған Орталық Азия мен Қазақстанның егемендігін және терриоториялық тұтастығын қолдайтынымызды жеткізудің сәті түсті», - деді мемхатшы орынбасары.

Сұхбат

PhotoRoom