Ұлттық банк теңге айырбас бағамы деңгейінің қалыптастырылуына араласпайды. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысында ел Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.
«Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамын деңгейінің қалыптастыруына араласпайды. Бірақ, елдің қаржылық жүйесінің тұрақсыздану қаупі туындаған жағдайда валюталық интервенция жүргізу жолымен ішкі валюта нарығына қатысу мүмкіншілігін өзіне қалдырады», деді Премьер Министр.
Оның атап өтуінше, мемлекет тарабының араласуынсыз нарық сұранысы мен ұсыныс негізінде айырбас бағамын қалыптастыру экономика өсімінің сауығуына, несие және инвестициялық белсенділіктің артуына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына, орта мерзімді болашақта инфляцияны 3-4 пайызға дейін төмендетуге қажетті алғышарт құрады.
«Инфляциялық таргеттеу режіміне негізделген жаңа қаржы несие саясатын жүзеге асыру экономикалық саясаттың стратегиялық мақсаттарын отандық экономиканың ұзақмерзімді тұрақты өсіміне қол жеткізуге, инфляцияның төмен деңгейіне, жұмыспен қамту деңгейін арттыруға және ел халқының әл-ауқатын жақсартуға жәрдемесетін болады», - деді К.Мәсімов.