Бағаның жөнсіз шарықтамауын Сапарбаев қадағалайды

Жаңалықтар
20.08.2015, 10:33

Бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысында ел Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов теңге бағамының еркіндікке жіберілуіне байланысты бағаның негізсіз көтерілуіне жол бермеуді тапсырды.

«Өңір әкімдері штабтарға басшылық жасап, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмектерінің деңгейін арттыру арқылы халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобына қолдау шараларын қабылдауы тиіс. Сонымен қатар бағаның, әсіресе, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер мен қызметтерге негізсіз өсіміне жол бермеу бойынша ұйымдастырушылық шараларын қабылдауды тапсырамын», - деді Үкімет басшысы.

К.Мәсімов сонымен қатар жедел шараларды жалпы үйлестіруді өзінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевқа, ал әлеуметтік мәселелерді орынбасары Бердібек Сапарбаевқа жүктеді.

Премьер-Министрдің мәлім етуінше, сенбі күні Үкімет отырысы өтіп, онда құрылымдық реформалар топтамасы, жедел шаралар, бюджеттік сипаттағы мәселелер және одан арғы макроэкономикалық саясат талқыланатын болады.

Сұхбат

PhotoRoom