"Жас Отанға" жаңа басшы тағайындалады

Жаңалықтар
26.08.2015, 21:17

«Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы кім болады?

Бұл сұрақ бұрынғы жетекші Нұрлан Сыдықов Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының міндетін атқаруға кіріскен сәттен бастап қойыла бастаған еді.

Sayasat.org сайтының хабарлауынша, «Жас Отанның» қазанында қайнап шыққан Жандос Қалтаев болуы мүмкін-мыс.

Жандос

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов болып отырған кездері Жандос Қалтаевтың облыстық «Жас Отанға» жауапты болғаны рас. Болжам жасаушылар осы логикаға сүйенсе керек. Алайда бұл орынға лайықты жас саясаткерлердің қатары көп.

Біздіңше, Ақмола облысының жастар саясаты басқармасының басшысы Шахмардан Баймановтың да тағайындалуы да әбден мүмкін.

Шахмардан

Ол 1984 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қорқыт ата универститетінен қаржыгер мамандығын алған ол, «саясаттану» магистрі. Әр жылдары жастар саясатында түрлі ұйымдарды басқарған.

Сонымен ертең тағайындала қалған жағдайда Шахмардан Байманов келесі съезге дейін төраға міндетін атқарушы болады.   

Сұхбат

PhotoRoom