ҚСЗИ Президент реформаларын талқылайтын жаңа жобаны қолға алды

Жаңалықтар
27.08.2015, 10:39

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты модернизация бойынша Ұлттық комиссияның жұмыс тобы мүшелерімен президенттік реформаларды талқылайтын тұрақты кездесулер өткізуді бастайды.

Жаңа жобаның мақсаты – елдегі реформалардың кеңінен насихатталып, таратылуына сеп болу және сарапшылар қауымымен кері байланыс механизмін қалыптастыру.

IMG_3390

Аталған жоба аясында 26-тамыз күні алғашқы кездесу өтті. ҚСЗИ қабырғасында өткен шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысты. «Ашық үкімет қалыптастыру: жоспарлар мен ағымдағы жағдай» тақырыбында өткен жүздесуде «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» заң жобасыкеңінен талқыланды. Пікір алмасуға қазақстандық сарапшылар, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар мен экономикистер қатысты.

Келесі кездесу Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Тоғжанов Ералы Лұқпанұлымен өтеді.

Қосымша ақпараттар ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сайтында жарияланып тұрады.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ баспасөз-қызметі

Сұхбат

PhotoRoom