"Жас Отанның" жаңа басшысы - Шахмардан

Жаңалықтар
27.08.2015, 13:35

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтің қатысуымен өткен «Жас Отан» ЖҚ Орталық кеңесінің отырысында «Жас Отан» Жастар қанатының төрағалығына Шахмардан Байманов сайланды.

Шахмардан

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Шахмардан Байманов Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік саясат ұлттық мектебін бітірген.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректорының жастар ісі жөніндегі кеңесшісі, Қызылорда облыстық «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» қауымдастығының атқарушы директоры, «Қазақстан жастары конгресі»  заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директорының орынбасары, директоры, Ақмола облыстық жастар саясаты басқармасының бастығы болып қызмет атқарған.

Сұхбат

PhotoRoom