Астанада валюта айырбастау операциясының тәртiбi бұзылған

Жаңалықтар
27.08.2015, 16:58

Елордада валюта айырбастау операциясының тәртiбiн бұзған 7 айырбас пунктi анықталды. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифинг барысында ҚР Ұлттық банкiнiң Астана қаласы бойынша Орталық филиалдың директоры Ғазиз Шегенов мәлiм еттi.

"Теңгенiң еркiн айналымы енгiзiлген соң, Ұлттық банк валюта айырбастау пункттерiнiң жұмысын қадағалауды күшейттi. Астана қаласы бойынша мәлiмет беретiн болсам, бiз валюта айырбастау операциясының тәртiбiн бұзған 7 айырбастау пунктiн анықтадық. Осы 7 фактiге қатысты үш айырбастау пунктiне қағаз жүзiнде ескерту жарияланса, екi факт бойынша талапты орындау мiндетi бекiтiлдi, ал, бiр банктiң филиалына қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Ол филиал доллар мен еуроның курсына қатысты бағаны қымбаттатып сатқан", - деп түсiндiрдi.

Ол, сондай-ақ, орайы келген сәттi пайдаланып, валюта айырбастау пункттерiне қатысты Ұлттық банктiң құқықтары мен құзырын қайталап өттi.

"Ұлттық банктен валюта айырбастауға рұқсат алып, лицензия иеленген ұйымдарға қатысты орындап жатқан мiндеттерi туралы хат сұратуға, қағаз жүзiнде ескерту жариялауға және орындауға мiндеттi қағаз жүзiндегi ескерту беруге құқылы. Сонымен қатар, Ұлттық банк валюта айырбастау тәртiбiн бұзған пункттердiң лицензиясын қайтарып алуға да қауқарлы",-деп ескерттi Ғ.Шегенов.

Қазақпарат

Сұхбат

PhotoRoom