Біз «Ұлы дала еліміз» деп саналуымыз керек. Бүгін ҚР Конституциясының 20 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты.
«Менің білуімше, біз «Ұлы дала еліміз» деп саналуымыз керек. Кейбіреулер «аспан асты еліміз», дейді, кейбіреулер «күншығыс еліміз», дейді. Біз ұлы даланың ұрпағымыз. Осы далада біздің ата-бабамыз даланы сақтап қалған. Қан төгіп, тер төгіп сақтап қалған. Қазақстан мен «Ұлы дала елі» екеуі қатар жүрсе, дұрыс болады деп ойлаймын», - деді Мемлекет басшысы.
Сөз соңында ҚР Президенті еліміздің аманшылығы мен жұртшылығының тыныштығы арқасында алар асуларымыз әрқашан биіктен болсын деген тілегін білдірді.