Байбек партиялық қызметін жалғастыратын болды

Жаңалықтар
03.09.2015, 11:04

Бүгін Алматыда «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының кезектен тыс отырысы өтті. Отырысқа партия төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов төрағалық етті.

Жиын барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы болып тағайындалды. А.Мырзахметов партияның алдыңғы төрағасы Ахметжан Есімовке жасаған жұмысы үшін алғыс білдірді.

Ол Есімовтің кезінде қоғамның бірлігі мен ынтымағы нығайып, халықтың партияға деген сенімі артқандығын жеткізді. Қала басшысы өз кезегінде партиялық жұмысқа тағайындалғанына алғыс білдірді.

«Мен партияның әр мүшесін жақсы білемін. Мұнда шығармашылық зиялы қауым өкілдері жиналған. Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында Мемлекет басшысы қойған барлық міндеттерді абыроймен атқара алатынымызға сенімдімін. Сондай-ақ, осыған дейін атан түйеге жүк боларлық жұмыс атқарған Ахметжан Есімовке алғысымды білдіремін. Ол «ЭКСПО-2017» алаңында өз міндетін мүлтіксіз атқарарына сенімім мол», - деді Б.Байбек.

Сондай-ақ, жиын барысында Б.Байбек «Белсенді қызметі үшін» орденімен марапатталды.

Сұхбат

PhotoRoom