Коммунистік партия жабылды

Жаңалықтар
04.09.2015, 12:35

Қазақстанда Коммунистік партия жабылды. Мұндай шешімді Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты шығарды, - деп хабарлайды қалалық сот баспасөз қызметінің басшысы Қуандық Ешмет.

"Қазақстанның Әділет министрлігі сотқа арыз түсірді, онда Қазақстанның Коммунистік партиясын жабу туралы өтініш жазылған, партия жұмысын тексеру барысында заңнамалық талаптардың бұзылғаны анықталыпты. Сот Әділет министрлігінің арызын қанағаттандырып, Қазақстан Коммунистік партиясы қоғамдық бірлестігін жауып, оған 1982 теңге көлемінде мемлекеттік баж салығын төлетуді қаулы етті. Шешім 7 тамызда шығарылды", - деді Ешмет. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Айта кетейік, Коммунистік партия 1998 жылы 27 тамызда тіркелді, кейін 2003 жылы қайта тіркеуге алынды. Партияның бірінші хатшысы - Серікболсын Әбділдин. 1999 жылғы сайлаудың нәтижесі бойынша Мәжілісте партияның екі депутаты болды, олар партиялық тізім арқылы өтті. 2004 жылы партиядан Қазақстан коммунистік халық партиясы бөлініп шықты.

Партия өзінің негізгі мақсаттары: республикада ғылыми социализмнің қағидаттарына негізделген, еркіндік және әлеуметтік әділеттілік қоғамын құру үшін жағдайлар жасау, коммунистік қоғамдық құрылыс құру деп есептеді. Партия интернационализмді де жақтады.

 Tengrinews.kz

Сұхбат

PhotoRoom