Экономикалық қиын кезеңде Қазақстан ауылшаруашылығын дамытуды көздейді. Бұрыннан қалыптасқан дәстүрі бар экономиканың бұл саласын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ұдайы назарда ұстап келеді. Жиын-терім жақындаған соң Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдерімен кеңес өткізді.
Жиында алдағы сынақтар жайлы, алдағы жоспарлар туралы айтылып, үш әкімге нақты тапсырмалар жүктелді.
Мемлекет басшысының бұл сапарына аталған үш облыстың әкімі Сергей Кулагин, Нұралы Садуақасов және Ерік Сұлтановтар тым ертерек дайындалғанға ұқсайды. Әрине, Елбасын күтіп алу үлкен жауапкершілік.
Десе, аталған үш әкім өздерінің демалыстарын да ұмытпаған дейді. Театр әртістері туыстарының бірі былай деп жазады:
«Зерен» демалыс орнында саунаға тұтас театр ұжымын шақыртып, қойылым тамашалаған-мыс. Облыстық экономиканы ғана емес, мәдениетті де дамытуға тиіс өңірлердегі Президенттің өкілдері бұлай істесе, жауабын кімнен аламыз? Халықтың көңіл-күйі алабұртып жүрген кезде әкімдердің әрекетін қабылдай алар ма екен?
Үшеуі Моргунов-Никулин-Вицинге ұқсағанмен тірліктері комедиядан гөрі трагедияға келеді...
Осы облыс әкімдеріне Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі «мұрындарыңды көтермей, аяқтарыңның астына қарап жүріңдер» десе, енді бірде «өздеріңді князь сезінуді доғарыңдар!» демеп пе еді... Бұлар сонда кімді тыңдайды? Орталық билліктің – Президенттің сенімі мен облыс халықтарының үміті қайда қалды?