Біздің болжамымыз айқындалып, Архимед Мұхамбетов Қостанай облысына, Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысына әкім болып тағайындалды.
Қазақ Хандығына 550 жыл ұлы тойдың қарсаңында Үкіметтегі осы салаға жауапты адам Бердібек Мәшбекұлы батыс аймаққа жіберіліп отыр. Вице-премьерлікке Сапарбаевтан кейін үлкен саясатта аты бар адам келуі тиіс. Ұлы тойды барынша атқарып шығу жаңадан келетін вице-премьердің саяси беделін арттыра түсетіні сөзсіз. Ұзынқұлақ Парламент Мәжілісінің вице-спикері Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева Үкіметке келеді дейді.