Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов Жерге оралды - бүгін таңғы сағат 06.51-де капсула Қарағанды облысына қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Экипаж құрамында Геннадий Падалки (Ресей), Андреас Могенсен (Дания) және қазақстандық Айдын Айымбетов бар ғарыш кемесі Жезқазған қаласының шығысынан 146 шақырым жерге қонды.
Ғарышкерлер капсуладан шығарылды. Дәрігерлердің айтуынша, олардың қан қысымдары жақсы. Ғарышкерлер шәй ішіп, апорттан дәм татты. "Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Жоспарланған тәжірибелердің барлығын орындадым. Тағы бір рет ұшуға дайынмын", - деді қазақстандық ғарышкер тілшілерге.