Кәсібіңнің үздігі ретінде байқауға қатыс!

Жаңалықтар
14.09.2015, 15:30

Бүгінде елімізде өнеркәсіп орындарының санының артуына орай жұмысшы мамандықтарға тапшылық байқалғаны шындық. ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің дерегіне сүйенсек, ұзақмерзімді болжамға сәйкес, Қазақстанда жұмысшы мамандықтарға сұраныс әсіресе, 2018 жылға қарай арта түспек. Аса зәру мамандықтар қатарында тау-кен жұмысшылары, құрылысшылар, жүргізушілер, механиктер мен байланыс, ауыл шаруашылығы, геология мен пайдалы қазбаларды барлау саласындағы жұмысшылар аталады.    

     «Бүгінгі жастардың көбінің ойы жоғары білім алу. Ол дұрыс та шығар. Алайда, жоғары білім алуын алып, кейін өз саласы бойынша жұмыс істемей, нәпақасын тым өзге арнадан айырып жүрген жастарды көптеп кезіктіреміз. Тіпті, сол саласы бойынша жұмыс істесе де айлықтары олардың көңілін көншітпейтіні тағы бар. Мұны түсінген жастар  қазір жұмысшы, орта кәсіптік мамандықтарға қызығушылығы ояна бастаған. Бұлар компьютерді жөндеп, аспазшы болып, дәмді ас әзірлеп, кірпіш құятын мамандықтар.Бұл да болсынол мамандардың бейнеті ауыр, ақшасы аздейтінкежегені кейін тартып тұратын түсініктің бүгінде ескіргенінің белгісі», - дейді «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының медиадиректоры Қанат Әуесбай.

      Осыған орай, байқау мақсаты, жастар арасында жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру. Шараны «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы ҚР білім және ғылым министрлігінің тапсырысы аясында өткізіп жатыр. 

        Байқауға жасы 30-ға дейінгі жастар қатыса алады. Өтінімдер қыркүйектің 10-нан бастап, 10 қазанға дейін қабылданады. Байқау қорытындысы қазанның соңында шығарылады. Шарт бойынша, жеңімпаздар  ақшалай сыйлық,  алғыс хаттармен және арнайы кубокпен марапатталады.  Байқау шарттарымен толығырақ қозғалыстың сайтында www.kz2050.kz танысуға болады.

Сұхбат

PhotoRoom