Назарбаев ҰҚШҰ сессиясына қатысты

Жаңалықтар
15.09.2015, 15:10

Душанбеде шағын құрамда ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік Кеңесінің сессиясы ашылды. Оған ұйымға мүше  алты мемлекеттің басшылары - Қазақстан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь, Ресей президенттері қатысты.

Сессия барысында оннан астам мәселелер қаралды. Талқылауға түсетін негізгі тақырыптардың бірі қауіпсіздік және әскери-саяси сын-қатерлерге тиімді ден қою саласындағы ынтымақтастық болды. Бұдан басқа, ҰҚШҰ қызметінің ағымдағы мәселелері, Арменияның ұйымға төрағалық етуі кезеңіндегі басым бағыттар қарастырылып, ұйымның бюджеті қабылданып, басқа да өзекті жайттар қозғалады деп жоспарланды.

Сұхбат

PhotoRoom