"Нұр Отан" мен ҚКП Хаттама бекітті

Сараптама
17.09.2015, 18:31

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов бастаған делегациясының Қытай Халық Республикасына ресми сапары барысында «Нұр Отан» мен Қытай Коммунистік партиясының арасында 2015-2017 жылдарға арналған партияаралық ынтымақтастық туралы Хаттамаға қол қойылды.

Қытай Халық Республикасына жуырда жасаған сапары барысында Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев екі ел арасында барлық салада, әсіресе саяси-экономикалық мәселелер бойынша ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын айтып өтті.

Осыған орай, Қытай елінің жетекші саяси күші – Қытай Коммунистік партиясымен өзара әріптестікті одан әрі жетілдіру мақсатында 17 қыркүйекте «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов бастаған «Нұр Отан» партиясының делегациясы Қытай Халық Республикасына ресми сапармен келді. Бейжің қаласында Қытай Коммунистік партиясының басшылығымен өткен екіжақты кездесу барысында қос билеуші партияның арасында ынтымақтастық туралы 2015-2017 жж. арналған Хаттамаға қол қойылды.

Сапар барысында «Нұр Отан» партиясының делегациясы ҚКП ОК Халықаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары Чжоу Ли мырзамен келіссөздер өткізді. Делегация құрамына Партия Хатшысы Фархад Қуанғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Партия Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Қайырбек Сүлейменов, партия Төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі Берік Құрманғали, Партияның Саяси менеджмент мектебінің директоры Әсет Әбдуалиев кірген.

Кездесу нәтижесінде «Нұр Отан» партиясы мен Қытай Коммунистік партиясы арасындағы ынтымақтастық туралы 2015-2017 жж. арналған Хаттамаға қол қойылды. Одан бұрын осындай хаттамаға 2011 жылы қол қойылғанын айта кету керек.

Чжоу Ли мырзамен кездесу барысында А.Мырзахметов 2013 жылғы қыркүйекте ҚХР Төрағасы Си Цзинпинь Назарбаев Университеті қабырғасында Жібек жолының экономикалық белдеуін құру туралы тарихи бастама ұсынғанын еске салды. Бұндай ауқымды трансконтиненталды жобаның жүзеге асырылуы оған қатысушы елдердің тұрақты экономикалық дамуына мүмкіндік беретінін айтты.

«Нұрлы жол» бағдарламасы мен «Бір белдеу, бір жол» бастамасының үйлесімдігі екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады», - деді А.Мырзахметов.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Қытай Халықтық Саяси Консультативтік Кеңесі Жалпықытай Комитетінің Төрағасы, ҚКП ОК Халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі Ван Цзяжуй мырзамен кездесті. Кездесу барысында екіжақты әріптестік мәселелері талқыланып, екі елдегі қазіргі жағдай сөз болды.

Бүгінгі таңда Қытай мен Қазақстан арасында тығыз әріптестік ара-қатынас орнағаны айтылды. Сыртқы сауда айналымы бойынша Қытай Қазақстанның ең ірі серіктесіне айналғаны және оның Қазақстанның жалпы тауар айналым көлеміндегі үлесі 20%-ға жеткені сөз болды. Соңғы жылдың өзінде екі ел басшылары төрт рет кездескен. Н.Ә.Назарбаевтың жуырда өткен Қытайға сапары барысында 33 құжатқа қол қойылған, оның 28-і коммерциялық сипатқа ие, жалпы құны 23,5 млрд.долл.құрайды.

«Қытаймен өзара достық қарым-қатынастар – Қазақстанның сыртқы саясатының дәстүрлі басымдықтарының бірі болып табылады. Екі ел арасында дипломатиялық байланыстар 23 жыл бұрын орнаған, осы мерзімде Қазақстан мен Қытайдың барлық салалар бойынша жүргізіліп отырған саяси диалогы өзара достастық пен құрметтеудің үздік көрінісіне айналып отыр», - деп атап өтті «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары.

Чжан Дэцзян мырзамен

Чжан Дэцзян мырзамен

Сапар бағдарламасы бойынша «Нұр Отан» партиясының делегациясы сондай-ақҚытай Халықтық Өкілдері Жалпықытай Жиналысы Тұрақты Комитетінің Төрағасы Чжан Дэцзян мырзамен кездесті.

Кездесу барысында А.Мырзахметов «Нұр Отан» мен ҚКП өз елдерінде билеуші партиялары болып табылатынын атап өтті. Сонымен бірге екі партияны біріктіретін бірқатар құндылықтары мен жұмыс бағыттарын да айта кетті. Мысалға, екі жақ дағдарыстан кейінгі даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қадағалау, инфрақұрылымды жаңғырту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі институционалды ортаны нығайту және т.б. мәселелерге айрықша назар аударады.

Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен «Нұр Отан» елдің басты бағдарламалық құжаттары – Бес институционалды реформа, «Нұрлы жол» бағдарламасы, «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарын іске асыруға тікелей қатысатыны да айтылды. Сондай-ақ партия Төрағасының Бірінші орынбасары Қытай мен Қазақстанның өзара тиімді серіктестігін нығайтуға мүмкіндік беретін партияаралық әріптестіктің серпінді дамуының маңыздылығына айрықша тоқталды.

Сұхбат

PhotoRoom