Вьетнамда қытай компанияларына тиесілі кәсіпорындарда толқулар жалғасуда. Жұмысшылар Қытайдың Оңтүстік Қытай теңізіндегі аралдарға дәмесіне наразы. Естеріңізге сала кетсек, Оңтүстік Қытай теңізінде юрисдикциясы анықталмаған Жапония, Вьетнам, Қытай, Тайвань таласып отырған аралдар бар. Наразылық шерулері кезінде екі қытай азаматы қаза болып, 100 қытай азаматы жапа шеккен. Қытай жағы өз азаматтарын эвакуация жасауды бастап кетті. Қазірге дейін 3 000 Қытай азаматы Вьетнамнан әкетілген.