Бұған дейін Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметін басқарып келген Нұрлыбек Жеңісбек енді қала әкімінің баспасөз хатшысы әрі кеңесшісі ретінде жұмыс атқаратын болады.
Шымкенттің бұрынғы әкімі Дархан Сатыбалдының кезінен бері баспасөз қызметін басқарып келе жатқан Н. Жеңісбек еңбек жолын журналистикадан бастаған. Ғабидолла Әбдірахымов шаһар әкімі болғалы әкімшіліктің қоғаммен байланысы артып келеді. Қала басшысының халыққа жақындауына жаңа кеңесшінің де кеңестері пайдалы боларына сенім білдіріп, әріптесімізге сәттілік тілейміз!
Жаңа қызметті жүктеп алып жатқан Нұрлыбек Жеңісбек жақында Facebook-тегі жеке парақшасына былай деп жазған болатын:
Бүгін жұмысымды ертерек аяқтап Өмір ағаның ізімен қаланы біраз саяхаттадым. Қоғамдық көлікпен. Кез келген аялдамадан бірінші кездескен автобусқа отырдым. Қоғамдық көлік саласының жұмысы біршама жақсарыпты. Жол ақысын жинайтын қызметшілер кондуктор деген жазуы бар жейде киіп алған. Жүргізушілердің көлікті асығып айдағанын да байқамадым. Тек кейбір көліктерде біраз техникалық кемшіліктерді аңғардым. Сондай-ақ WI-FI бар автобустардың интернеті істен шығыпты. Себебін сұрағанымда бір құрылғысы ұрланып кетті деп түсіндірді. Жалпы бұрынғыға қарағанда қоғамдық көлік тасмалдау жұмысында жетістік бар. Ал өзіме түртіп алған біраз кемшіліктерді қала əкімі #Ғабидолла#Əбдірахымовқаертеңбаяндаймын. Тиістімамандарғадатапсырмаберіледідепойлаймын. Егертасымалдау қызметінде сіз көрген кемшіліктер болса айта отырыңыздар.