"Аманат" БАҚ-тағы тілдік қатынастарды саралайды

Жаңалықтар
23.09.2015, 18:52

Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапхана ғимаратында 25-қыркүйек күні  «Аманат» интеллектуалды пікірсайыс клубының кезекті отырысы өтеді. «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп өткізілетін шараның тақырыбы: «Бұқаралық ақпарат құралдарындағы тілдік қатынастар».

Осы аптада  Мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп көрсетілген Тілдер туралы заңның қабылданғанына 26 жыл толды. Кейіннен тәуелсіз Қазақстанның Конституциясына арнайы бап болып енгізілген тіл мәселесі мемлекет үшін де, қоғам үшін де маңызды. Әсіресе идеологиялық тетік – бұқаралық ақпарат құралдарындағы тілдік қатынастардың ел бірлігі, қоғам тұтастығы мәселесінде айырықша ролге ие.

Телеарналардағы мемлекеттік тілдің үлесі 50 пайыздан кем болмауы керек қағидасы қаншалықты орындалып отыр? Осы саладағы олқылықтардың орны толды ма? Интернет ресрустарындағы тілдік қатынастардың жағдайы қаншалықты? Әлеуметтік желі арқылы қоғамдық пікір қай тілде қалыптасып отыр?

Міне осы мәселелер мемлекеттік органдар мен саяси партиялар өкілдерінің, журналистер мен блогерлердің, саясаттанушылар мен медиасарапшылардың қатысуымен талқыланатын болады.

Сұхбат

PhotoRoom