Дүниежүзілік Сауда Ұйымына Қазақстанды қабылдау жөніндегі келіссөздер ауыр өтіп жатыр дейді Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігінің Сыртқы сауданы дамыту департаментінің директоры қызметін уақытша атқарушы Әлия Әлімбетова.
"Шынын айтқанда келіссөздер өте ауыр өтуде. Біздер келіссөздердің соңғы кезеңіне келіп тұрмыз және ДСҰ-ға кіргеннен кейін керек болатын өз талаптарымызды айтудамыз. Сондықтан болар, бұз келіссөздер айтарлықтай ұзақ жүргізіліп келеді", - деді Ә. Әлімбетова 19.05.2014 күні ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткізген брифингте.
"Дегенмен, Қазақстан БСҰ-ға кіре сала барлық халықаралық ережелерді пайдалану құқығына ие болу ұстанымынан таймай отыр" дейді ол. "Біздің тауарларымызға да Дамушы Елдерге қойылатын талаптар болуын, және дамушы елдердің нарықтарына еш кедергісіз кіруді талап етіп отырмыз" - дейді шенеунік.