Твиттер бәсекелестікке шыдай ала ма?

Жаңалықтар
30.09.2015, 12:28

Twitter әлеуметтік желісі жаңа платформа құрып жатыр. Оған сәйкес, енді аталған әлеуметтік желіде 140 белгіден артық сөздерді жариялауға болады. Бұл туралы Re/code басылымы ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады lenta.ru.

Жаңа өнім қандай болатыны әзірге белгісіз. Белгілісі, енді көлемі үлкен мәтіндерді жариялауға болады. Ал «Twitter» өкілі бұл ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасаудан бас тартты.

Шағын мәтіндерді жариялауға мүмкіндік беретін «Twitter» шағын блогтар қызметі 2006 жылы іске қосылған. Оның негізгі сипаттарының бірі жарияланатын мәтін көлемі 140 белгіден аспауы тиіс еді.

Қызметті белсенді пайдаланатындардың саны 302 миллион адамды құрап отыр. Жалпы Twitter-ге 500 миллионнан астам адам тіркелген.

Қазақпарат

Сұхбат

PhotoRoom