Қазан айында «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында мемлекеттік органдардың басшылары мен «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі Фракциясының мүшелері жеке қабылдау өткізеді.
Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов азматтарды 7-ші қазанда қабылдайды.
14-ші қазан – ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов
16-шы қазан – ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков
21-ші қазан – ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев
23-ші қазан – ҚР Энергетика вице-министрі Талғат Ахсамбиев
28-ші қазан – ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко
30-шы қазан – ҚР Әділет министрі Берік Имашев
Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында «Нұр Отан» партиясы Фракциясының мүшелері азаматтарды қабылдайды.
Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі комитет мүшесі Рауан Шаекин азаматтарды қабылдауды 1-ші қазанда өткізбек.
6-шы қазан – Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев;
8-ші қазан – Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Камал Бұрханов;
13-ші қазан – Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Қожахан Жабағиев;
20-шы қазан – Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлнар Ықсанова;
22-ші қазан – Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Мейрам Пішембаев;
27-ші қазан – Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Айгүл Нұркина;
29-шы қазан – Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Светлана Романовская;
Қабылдау төмендегі мекенжай бойынша өткізіледі: Астана қ., Кенесары көшесі, 25, сағат 10:00-13:00 аралығында.
Қабылдауға:
-Электрондық қоғамдық қабылдау арқылы: www.nurotan.kz
-Бірыңғай Call-орталық арқылы: 59-78-50
- Астана қ., Кенесары көшесі, 25 мекенжайындағы Республикалық қоғамдық қабылдауда жазылуға болады.
Сондай-ақ, басқа да облыс орталығының және Алматы қаласының тұрғындары қабылдау үшін Астанаға келмей-ақ, «Нұр Отан» партиясы филиалдарында өтетін видеоконференция арқылы қатыса алады.
Қабылдауға жазылу қабылдау басталғанға дейін 3 жұмыс күні қалғанда аяқталады.