"Қазақ хандығы" монументі ашылады

Жаңалықтар
02.10.2015, 10:13

Қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдық мерейтойлық салтанаты «Қазақ хандығы» монументінің ашылуымен басталады, деп мәлім етті Таразда баспасөз мәслихаты барысында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Мәнжуов.

«Қазақ хандығының 550 жылдығы» монументінің салтанатты ашылу рәсіміне бес мыңнан астам қала тұрғындары мен қонақтары жиналады, - деді ол. - Адамдарды жеткізу үшін бізде оларды жинайтын орын, көлік белгіленді. Қалалық билік ІІД-мен бірге жолбағытты пысықтады. Біздің міндетіміз - қонақтар үшін барынша жайлы жағдай туғызу, олар қоғамдық көлікпен қатынап, жеке көліктің аз болуына көңіл бөлеміз. Монумент ашылғаннан кейін (біз оңтүстік қонақжай қаламыз ғой) қонақтарға мерекелік қонағасы бермекпіз».

99

Тараздың кіреберісінде орналасқан «Қазақ хандығы» монументі қазақ мемлекеттілігінің тарихи маңызын айғақтайды. Мүсіндік композицияға ақ мәрмәрдан жасалған 27 метрлік стела және Керей мен Жәнібек хандардың 5 метрлік мүсіндері кіреді, олар сонадайдан жақсы көрінеді және қаланың батыс бөлігіныі ландшафтылық панорамасын айшықтайды.

Монумент маңында 3,5 гектар аумақ абаттандырылып, гүлзар жасалған және автотұрақ салынған. Ескірткіштің өзін даярлап, орнатуға 350  млн. теңге, аумақты абаттандыруға және автотұрақ ұйымдастыруға - 177 млн. теңге бөлінді. Құрылыспен және абаттандырумен «Жамбылхимқұрылыс инжиниринг» ЖШС, ескерткішті жасаумен және орнатумен - «ҚазАртСистем» ЖШС айналысуда.

Бүгінгі күні монументті орнату және оның маңындағы аумақты абаттандыру жұмыстары 98 пайыз аяқталды.

Еске сала кетейік, Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу биылғы жылы елдің барлық өңірлерінде өтуде. Бұдан 550 жыл бұрын Жайсаң шатқалында, Талас және Шу өзендерінің аралығында Керей және Жәнібек сұлтандар Қазақ хандығының іргесін қалаған болатын, Жамбыл облысында, 7, 8, 9 қазан күндері осы айтулы мереке кең ауқымда аталып өтеді.

Сұхбат

PhotoRoom