Отанға оралуды мақсат тұтқан шетелдегі қандастарымыз үшін жағымды жаңалық бар.
Енді олар келген бетте бірден «оралман» мәртебесін және бір жыл ішінде азаматтық ала алады. Егер қандастар Үкімет ұсынған өңірге тұрақтауға келіссе, барар жолдары мемлекет есебінен төленіп, уақытша баспана, қосымша үстемақы беріледі. Бұл ретте депутаттар тағы бір тың ұсыныс жасады.
Серікбай Нұрғисаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Елмен, ауылымен, ортасымен көшіріп әкелу керек. Сол ыңғайлы. Өйткені бір-біріне жақын, тәртіпті болады. Қорқыныш сезімі болмайды.
Қабиболла Жақыпов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
- Әрине, қаралып жатқан заң жобасы өте күрделі. Көп дүниелер шешімін тауыпты. Енді заңды Қазақстан үшін, оралмандар үшін жазуымыз керек.
Айта кетейік, бүгінге дейін елімізге оралған 1 млн қандасымыздың 22%-ы Оңтүстік Қазақстанда, 15%-ы Алматы, 12%-ы Маңғыстау және 9%-ы Жамбыл облысында қоныс тепкен.