Парламент сайлауының алғашқы нәтижелері шықты

Жаңалықтар
05.10.2015, 09:54

Қырғызстандағы парламенттік сайлауға жалпы 1,5 миллион адам қатысып, таңдау жасады. Бұл туралы Қырғызстан ОСК төрағасы Туйгунаалы Абдраимов мәлімдеді. Оның айтуынша, дауыс беруге құқығы бар азаматтардың 60 пайызы сайлауға қатысқан.

Соңғы мәліметті ел Конституциясына сәйкес, 18-қазанға дейін жарияланады.

Қырғыз парламентіне өткен сайлауға бақылаушы ретінде қатысқан қазақстандық саясаттанушы Ерлан Қарин өзінің фейсбуктегі парақшасына «Сайлаудың алғашқы нәтижелеріне қарасақ, сарапшылардың болжамдары дұрыс шықпады. Көпшілігі «Атамекен» партиясы алғашқы үштікте болады деп ойлаған шығар» деп жазған сарапшы аталған саяси күштің алтылықта жүрген алғашқы нәтижелер фотосын жариялады.

Сұхбат

PhotoRoom