Ляньюньган порты – дамыған көлік инфрақұрылымы бар, әлемнің 25 ірі портының бірі саналады. Қазақстан-қытай терминалының құрылысына бөлінген жүк тиеу аймағы – 21,6 га.
Терминал құрылысы Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне, Австралияға және Канадаға жіберілетін, сондай-ақ осы елдерден келетін қазақстандық транзиттік жүктерді сұрыптау және ауыстырып тиеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, экспорттық-импорттық және транзиттік қатынастардағы көліктің барлық түріндегі тасымалдаушыларға толыққанды қызмет көрсететін болады.