Бас дәрігер қызметінен кетті

Жаңалықтар
12.10.2015, 11:41

Салидат Каирбекова Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министр қызметінен босатылды. Бұл туралы аталған ведмоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Nur.kz хабарлады.  Оның отставкасы басқа қызметке баруымен түсіндірілген.

Қайырбекова Салидат Зекенқызы 1961 жылғы 1 тамызда Қарағанды облысында дүниеге келген.  1984 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.

2002 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқық тану» мамандығы бойынша бітірген.

2001–2006 жылдары – Қазақ мемлекеттік медицина академиясының қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтауды басқару кафедрасының ізденушісі.

1984–1998 жылдары Қарағанды облысының медицина ұйымдарында дәрігер-невропатолог, Қарағанды көп бағдарлы емдеу-диагностикалық бірлестігі бас дәрігерінің орынбасары болып жұмыс істеді.

1998–2001 жылдары – Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің бастығы, Қарағанды облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының № 5 медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының төрайымы.

2001–2004 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бөлім бастығы, басқарма бастығы, Емдеу-профилактикалық жұмыс департаменті директорының орынбасары, Министрліктің Аппарат басшысы қызметін атқарды.

2004–2006 жылдары Қазақ мемлекеттік медицина академиясының проректоры болды.

2006–2008 жылдары – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің бас сарапшысы, бас инспекторы, әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі.

2008 жылғы 4-желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің төрайымы.

2009 жылғы 5-қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің төрайымы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2010 жылғы 23 сәуірінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды.

Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік – экономиялық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін 2009 жылында Қазақстан Республикасы мемлекеттік «Құрмет» орденімен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2010 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды.

Медицина ғылымдарының докторы.

Сұхбат

PhotoRoom