Түрік билігі әлеуметтік желілерге тағы шүйлікті

Жаңалықтар
13.10.2015, 09:02

Анкара билігі Түркияның астанасында орын алған терактіден соң «Фейсбук» және «Твиттер» әлеуметтік желілерін жауып тастады, деп хабарлайды түркиялық BGN News порталы.

Сондай-ақ елде қайғылы оқиға жайлы БАҚ-тарда материалдарды жариялауға шектеу енгізілді. Үкімет «Фейсбук» пен «Твиттер» желілеріне қауіпсіздік мақсатында тыйым салып отыр.

10 қазанда Анкарада болған  екі қуатты жарылыс салдарынан 97 адам көз жұмды, 246 адам әлі ауруханаларда жатыр.

«Шенеуніктер елде дүрбелең тудырмас үшін азаматтардың ақпараттарға қолжетімділігін шектеуде. Әлеуметтік желілер пайдаланушылары «Фейсбук» пен «Твиттер»-ге әр кірген сайын олар неғұрлым баяулап жұмыс істейтін болады. Бұл төтенше жағдай жағдайларында қолданылатын әрекет», - деді компьютерлік технологиялар маманы Фюрсуп Сап Небил.

Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглудің айтуынша, терактіні жасаған басты күдіктілер - Ислам мемлекетінің өкілдері.

Сұхбат

PhotoRoom