Қазақстанның төрағалығымен ТМД мемлекет басшыларының кеңесі басталады

Жаңалықтар
16.10.2015, 10:06

Бүгін Бурабайда (Ақмола облысы) Қазақстанның төрағалығымен ТМД мемлекет басшыларының кеңесі және Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес отырыстары (ЖЕЭК) өтеді.

Кездесу қатысушылары лаңкестік қаупіне бірлесе қарсы тұру, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, Достастық қатысушы-елдері күш-қуат құрылымдарының ынтымақтастығы және басқа да негізгі мәселелерді қамтитын тақырыптар топтамасын талқылайды.

Атап айтқанда, Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанына 70 жыл толуына орай және халықаралық лаңкестікпен күрес туралы мәлімдемелер, Чернобыль АЭС-індегі апаттың 30 жылдығымен байланысты үндеу қабылдануы жоспарлануда.

Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения президенттерінің қатысуымен ЖЕЭК саммитінде бірлестіктер ауқымындағы ықпалдастық үдерістерді дамытуға баса көңіл бөлінеді. Күн тәртібіне сондай-ақ халықаралық қызмет, басқа да ықпалдастық құрылымдарымен және елдермен ынтымақтастықты нығайту мәселелері енгізілген. Отырыс қорытындыларымен Одақтың болашақтағы экономикалық дамуының негізгі бағыттарын белгілейтін құжаттарға қол қою жоспарлануда.

Сұхбат

PhotoRoom