СҚО әкімі ауысты

Жаңалықтар
27.05.2014, 17:03

Мемлекет Басшысының Жарлығымен Ерік Сұлтанов Солтүстік Қазақстан Облысы Әкімі болып тағайындалды.

Ерік Хамзаұлы Сұлтанов  1956 жылы 24 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында дүниеге келді. Қарағанды политехникалық институтын (қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) бітірген.

1978-1993 жылдары «Екібастұзшахтақұрылыс» комбинатында қызмет атқарған. 1993-1994 жылдары - Екібастұз қалалық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Құрылыс, сәулет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі комитетінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігі жанындағы еңбек қорғау департаментінің төрағасы. 1995-1996 жылдары - «Екібастұзшахтақұрылыс» өндірістік бірлестігіінің президенті. 1996-1998 жылдары - мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Павлодар аумақтық комитетінің төрағасы. 1998-1999 жылдары - Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитетінің төрағасы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 1999-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары департаментінің директоры. 2000-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары департаментінің сыртқы займдар жөніндегі консультанттарының бас үйлестірушісі. 2001-2002 жылдары - «Қазақавтожол» РМК бас директорының бірінші орынбасары. 2002-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары және инфроқұрылымдық кешендер құрылысы комитетінің төрағасы. 2004-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялр министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің төрағасы. 2005-2006 жылдары - «Қазақ жолқұрылысы» ЖШС-нің бас директоры. 2006-2008 жылдары - Астана қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 2008 жылдан бастап -«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының қамтамасыз ету жөніндегі вице-президенті.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 13 шақырылымының депутаты болған. «Құрмет» орденімен және медальдармен марапатталған.

Сұхбат

PhotoRoom