Сергей Кулагин Ақмола облысының әкімі қызметіне тағайындалды

Жаңалықтар
27.05.2014, 19:20

Сергей Кулагин Ақмола облысының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда сайты. 

«Сергей Витальевич Кулагин Ақмола облысының әкімі болып тағайындалсын», - делінген хабарламада. Бұған дейін басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қосман Қайыртайұлы Айтмұхаметов Ақмола облысының әкімі қызметінен босатылған болатын.

Кулагин Сергей Витальевич

1952 жылғы 8 қыркүйекте туған, орыс. Білімі жоғары. Целиноград ауыл шаруашылық институтын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Инженер-механик, партиялық және кеңестік құрылыс саласындағы маман, жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарындағы ғылыми коммунизм оқытушысы, с.ғ.к.

Бас инженер, өнеркәсіптік бірлестігінің басқарма басшысы, совхоз директоры, аудан және облыс деңгейіндегі әртүрлі партиялық лауазымдарында, Торғай облысы әкімшілігнің басшысы, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі, Ақмола және Қостанай облыстарының әкімі болып қызмет атқарған.

2012 жылы 20 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалған. Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

ІІІ және ІІ дәрежелі «Барыс», «Отан», ордендерімен, 10 медальмен марапатталған.

Сұхбат

PhotoRoom