Облыс әкімі Б.Атамқұлов пен инвесторлар арасында жүргізілген кездесу нәтижесінде, Шымкент қаласында жалпы аумағы 38,0 га жер телімінде Қазақстанда ең үлкен «Shymkent mall» сауда-ойын сауық кешені салынатын болды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабаралады.
Жалпы ауданы 120,0 мың шаршы метрді құрайтын Cауда-ойын сауық кешенінде бірқатар қызмет көрсету нысандары орналастырылады.
Атап айтқанда:
гипермаркет- 10,0 мың шаршы метр;
дүкендер - 10,0 мың шаршыметр;
кинотеатрлар» - 4,0 мың шаршы метр;
балаларға арналған ойын-сауық паркі - 3,5 мың шаршы метр;
аквапарк - 15,0 мың шаршы метр;
3000 адамға арналған фуд-корт орындары;
электроника дүкендері» - 2,5 мың шаршы метр;
заманауи фешн галереясы» - 40,0 мың шаршы метр, сонымен қатар, 3500 авто көлікке арналған автотұрақ қамтылатын болады.
Жобаға жалпы соммасы 42,0 млрд.тг құрайтын жеке инвестиция тартылады және 4000 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Бұдан бөлек, кешенде 8 платформадан тұратын және бір уақытта 350 жолаушыны қабылдайтын автовокзал жұмыс жасайтын болады. Кешен заманауи тенденцияларды ескере отырып, жобаланған және орналасқан қала аумағы инфрақұрылым жүйелерімен толық қамтылып, қала тұрғындарына тиімді, қолжетімді жаңа форматтағы сапалы қызмет көрсететін болады. «Shymkentmall» Шымкент қаласының шырайынаша түсіп, еліміздегі еңірі қайталанбас сауда орталығы болмақ. Көрсетілетін қызметтердің жоғарғы деңгейге көшуіне оң ықпалын тигізетін болады.
[ot-caption title="" url="/uploads/wp-content/2015/10/image-24-10-15-05-11-1.jpeg"]
[ot-caption title="" url="/uploads/wp-content/2015/10/image-24-10-15-05-11-2.jpeg"]
[ot-caption title="" url="/uploads/wp-content/2015/10/image-24-10-15-05-11-4.jpeg"]
[ot-caption title="" url="/uploads/wp-content/2015/10/image-24-10-15-05-11-3.jpeg"]