Қарағанды Облыс Әкімшілігі киініңдер дейді

Жаңалықтар
28.05.2014, 09:24

Дүйсенбі күні Қарағанды Облыс Әкімшілігі - БАҚ өкілдерінің бұдан былай әкімшілік ғимаратында дресс-код талаптарын орындауы керек болатынын жеткізген. «...Талаптар орындалмаған жағдайда БАҚ өкілдері шараларға кіргізілмейді», - делінген Облыс Әкімінің баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.

Мұндай талап қойып отырған жалғыз Қарағанды Облыс Әкімшілігі емес дейді БАҚ өкілдері. 2009 жылы Алматы қалалық әкімшілігінің күзетшісі бір топ журналистерді "Бұл әкімшілік ғимарат, мұндай түрлеріңмен кіргізбейміз!" деп шығарып салған екен. Қазірде Алматы Әкімшілігінде мұндай талап ресми түрде жоқ екен. Дегенмен, оның баспасөз қызметінде «шамалы дұрыс киініп келгеннің дұрыс екенін» жеткізіпті.

Сұхбат

PhotoRoom