«Біз 5,6 млн теңгеден 9 млн теңгеге дейін соманы өсіріп жатырмыз. Бұл автомобиль құнының өсуімен байланысты», - деп түсіндірді Б.Жәмішев. Ол сондай-ақ, аталған бағдарламаға қосымша ретінде тағы 10 млрд теңге бағытталатынын хабарлады.
Оған қоса, ол жеңілдікті автонесиелеу аясында Hyundai, KIA және Skoda сияқты үлгілер танымал екенін айтып өтті. «Жеңілдетілген автонесилер беру бағдарламасы аясында биылғы жылдың 22 қазанындағы мәлімет бойынша ҚДБ жеке тұлғалардың 3991 өтінішін қанағаттандырды. Жалпы сомасы 12 млрд 485 млн теңгеге Қазақстанда шығарылған автокөліктерді сатып алуға коммерциялық банк-агенттерге келіп түкен өтініштер бойынша ҚР Үкіметінің бекітілген қаржыландыру талаптарына сәйкестігін растады», - дейді ол.
Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы президенттік бастама «Нұрлы жол» аясында жүзеге асырылды.