Автокөліктердің лимит құны 9 млн теңгеге дейін артады

Жаңалықтар
29.10.2015, 15:53

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы аясында жеңіл автокөліктердің лимит құны 5,6 млн-нан 9 млн-ға дейін өседі, деп мәлімдеді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқармасының төрағасы Болат Жәмішев.

«Біз 5,6 млн теңгеден 9 млн теңгеге дейін соманы өсіріп жатырмыз. Бұл автомобиль құнының өсуімен байланысты», - деп түсіндірді Б.Жәмішев. Ол сондай-ақ, аталған бағдарламаға қосымша ретінде тағы 10 млрд теңге бағытталатынын хабарлады.

«Жеңілдетілген автонесилердің екінші траншына 10 миллиард теңге бөлінеді. Үкімет бір айдың ішінде қаулы қабылдайды деп үміттенемін. Бірақ транш қай кәсіпорынға берілетіні әзірге белгісіз. Оның бәрі Үкімет қабылдаған қаулыдан кейін анықталады. Қараша айының екінші жартысында бұл бағдарлама әрі қарай жалғасады деп ойлаймын», - дейді Қазақстан даму банкінің басқарма төрағасы.

Оған қоса, ол жеңілдікті автонесиелеу аясында Hyundai, KIA және Skoda сияқты үлгілер танымал екенін айтып өтті. «Жеңілдетілген автонесилер беру бағдарламасы аясында биылғы жылдың 22 қазанындағы мәлімет бойынша ҚДБ жеке тұлғалардың 3991 өтінішін қанағаттандырды. Жалпы сомасы 12 млрд 485 млн теңгеге Қазақстанда шығарылған автокөліктерді сатып алуға коммерциялық банк-агенттерге келіп түкен өтініштер бойынша ҚР Үкіметінің бекітілген қаржыландыру талаптарына сәйкестігін растады», - дейді ол.

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы президенттік бастама «Нұрлы жол» аясында жүзеге асырылды.

Сұхбат

PhotoRoom