Дүниежүзі түркілері бас қосып жатыр

Жаңалықтар
29.05.2014, 15:20

Түркі академиясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Түркияның Едірне қаласында ІІІ «Әлем Түркілері Форумы» жұмысын бастады. Жиынның салтанатты ашылу кеше кешкі сағат 19:30 Едірне қаласы II. Байазит Куллиеси Сағлык Музейінде болды. Бүгін Екмекчизаде Ахмет Паша Кервансарайында секция жұмыстары басталды. Түркі диаспорасы секциясында: «Түркі мемлекеттері: Мәдениет диаспорасы мен туризм тақырыбы қаралса, Түркі диаспорасы секциясында: «Түрік және Армян диаспоралары; Қоғамдық дипломатия: Мүмкіндіктер мен тәуекелділіктер» тақырыптары талқланады.

Түрік Азия Стратегиялық Зерттеу Орталығының (TASAM) ұйымдастыруымен жиын биыл үшінші мәрте өтуде. Түркі әлемі мен түркі диаспораларына арналған форумға 60-қа жуық елден ғалымдар, мемлекет қайраткерлері, дипломаттар, журналистер, азаматтық ұйым және зиялы қауым өкілдері қатысуда. Биылғы жиынның бір ерекшелегі - Түркі әлеміне байланысты тұнғыш рет, он бір номинация бойынша «Қызыл Алма» сыйлығы беріледі. Ол түркі әлемінің кәсіпкерлік, өнер, мәдениет, технология, дипломатия, ғылым т.б салаларында үздіктерге арналған марапат бүгін өз иелерін табады. Мұндай сыйлық тағайындау мәселесі былтыр сәуірде Ыстанбұл қаласында өкен ІІ «Әлем Түркілері Форумында» көтереліп, шешімін тақан еді. Форум аясында «Әлем Түркілері Форумы» Ақсақалдар Кеңесінің екінші Мәжілісі осы қалада өтетін болады. Бұл кеңеске еліміздің атынан ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы өкілі ақын Олжас Сүлейменов мүше. ІІІ «Әлем Түркілері Форумына» Қазақстан жағынан қоғам және мәдениет қайраткерлері, дипломаттар мен мәдениет, өнер және БАҚ өкілдері қатысуда. Жиын ертең аяқталады.

Сұхбат

PhotoRoom