Қазақстандағы компаниялардың 80 пайызы әулеттік бизнеске жатады дейді ҚР Әулеттік Бизнес Қауымдастығының үйлестіру кеңесінің төрайымы Яна Исакова.
«Мен сіздерге қауымдастығымыздың ішкі бағалауымен айтсам, Қазақстандағы компаниялардың 80 пайызы - әулеттік бизнеске жатады. Олардың қалайша рәсімделгені және қалай аталатыны маңызды емес, бәрібір әулеттік бизнес екені шындық болып тұр», - деді Я. Искакова баспасөз мәслихаты кезінде.
Оның айтуынша, қазір Қазақстан заңнамаларында «әулеттік компания» деген түсінік жоқ, сәйкесінше - анықтама да жоқ.
«Әулеттік бизнес Қазақстандық іскерлік дәстүрге әбден келеді», - деп қорытты Я. Исакова.