Жақсыбеков жаңа басқармалар құрды

Жаңалықтар
16.11.2015, 12:28

Бүгін Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков аппарат отырысы барысында елорданы басқарудың жаңа үлгісін бекіткенін жеткізді. Бірқатар мемлекеттік мекемелер атқаратын қызметтерін бөлу және қосу арқылы қайта құрылды. Әкімдікке қарасты бөлімшелер құрылымы 30-ға дейін қысқартылды, деп хабарлайды баспасөз қызметінен. 

Атап айтқанда, Жер қатынастары басқармасы Жер инспекциясымен, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Еңбек инспекциясымен біріктірілді. Коммуналдық мүлік бойынша функциялар Мемлекеттік сатып алулар басқармасына берілді.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы екіге бөлініп, бірі - жол салумен, ал екіншісі - көлік ағындарын реттеумен айналысатын болды.

«Астана - жаңа қала» АЭА басқармасы негізінде Инвестиция және даму басқармасы құрылды. Оған туризм саласындағы функциялар қоса берілді.

Жаңа басқармаларға негізінен бұрынғы басшылар қайта тағайындалды. Жаңадан құрылған Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы болып Сүлейменов Еділ тағайындалды. Ол бұрын Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары болып қызмет атқарған болатын.

Сұхбат

PhotoRoom