«Нұр Отанға» жемқорлық құқық бұзушылықтарды WhatsApp арқылы хабарлауға болады. Бұл туралы бүгін аталған партияның республикалық қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Абылайхан Оспанов мәлім етті.
«Электронды партия» жобасы аясында қарапайым халықтың депутаттарға тікелей сауал қоюына мүмкіндік беретін депутаттардың блогы жүзеге асырылды. Мәселен, ағымдағы жылы депутаттардың блогына азаматтардан 300-ден астам өтініш түсті», - деді ол.
А.Оспановтың айтуынша, мұнан бөлек «Халыққа қызмет көрсету ортлықтарымен» ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес өз-өзіне қызмет көрсетудің 260 секторында азаматтардың партияға онлайн өтініш беру және жеке қабылдауға жазылу мүмкіндігі берілген.
«Қараша айының соңында дейін жемқорлық құқық бұзушылық бағдарламаларын жүзеге асырудың проблемалы мәселелері бойынша «Жедел желі» мен WhatsApp мессенджері іске қосылады», - деді қабылдау бөлімінің меңгерушісі.