Мырзахметов Павлодар облысына барды

Жаңалықтар
20.11.2015, 15:34

Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың елімізде жүргізіліп отырған барша реформаларды халыққа түсіндіру туралы тапсырмасын орындау мақсатында Төрағаның Бірінші орынбасары А.Мырзахметов бастаған партияның үгіт насихат топтары өңірлерге шықты. Осыған орай 20 қарашада А.Мырзахметов Павлодар облысында партия белсенділерімен жүздесіп, алдағы атқарылатын ауқымды шаралармен таныстырды. Павлодар мұнай-химия зауытындағы бастауыш партия ұйымы өкілдерімен кездесті. Ақсу ферроқорытпа зауыты жұмысшыларымен кездесіп, еңбек қарым-қатынастарын реттеудегі партия бастамалары жөнінде әңгімеледі.

Павлодарлық нұротандықтармен кездесу барысында Елбасы, партия Төрағасы тарапынан Бес институционалдық реформа мен  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға байланысты партияға мемлекеттік реформаларға қатысты барша түсіндіру жұмыстарын жүргізу жүктелгендігі айтылды. Төрағаның Бірінші орынбасары Ұлт жоспарын халыққа түсіндіру жұмыстарының тетіктері жайлы айта келе, осыған орай партияда жалпыұлттық жобаларды халыққа насихаттаудың нақты іс-шаралар тізбегінен құралған арнайы жоспар бекітілгенін жеткізді.

Осы құжатқа сәйкес қазірдің өзінде Орталық аппараттың 40-қа жуық жауапты қызметкерлерінен құралған 8 арнайы топ еліміздің барлық өңірлерінде қабылданған мемлекеттік бағдарламалар және партия Доктринасында көзделген міндеттерді іске асыру жөніндегі талаптарды түсіндіру туралы көшпелі семинарлар өткізуде.

Оған қоса ҚР Парламент депутаттары, Орталық мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялардың, Ұлттық Банктің, «Атамекен» ҰКП өкілдері, партия Саяси кеңесінің мүшелері, сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, ғылыми, шығармашылық интеллигенция, Қазақстан халқы ассамблеясы, жастар ұйымдары өкілдерінен құралған республикалық спикерлер пулы жасақталмақ.

Сонымен бірге, Ұлт жоспарын кеңінен түсіндіру, насихаттау үшін арнайы Медиа жоспар қабылданды. Оның негізінде партиялық БАҚ-та, радиостанциялары мен интернет порталдарда, әлеуметтік желілерде арнайы айдарлар ашылуда. «Нұр Отанның» Орталық аппаратында құрылған Баспасөз орталығында аптасына екі рет партияның жауапты қызметкерлері, әріптестері, сарапшылар «100 нақты қадам» жоспарын орындауы бойынша халыққа мәлімет бере бастады.

Төрағаның Бірінші орынбасары Елбасы реформаларының басты мақсаты – елдің әлемдік бәсекелестікке бейімделген әлеуметтік-экономикалық қатынастың жаңа моделін қалыптастыру болып табылатынын айрықша атат өтті.

Бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың заңнамалық негізін қалыптастыру бойынша, партияның Парламент Мәжілісіндегі фракциясы ауқымды жұмыс жүргізген. Депутаттар 59 заңды қабылдап, олардың 37-і Елбасымен бекітіліп үлгерді. Атап айтқанда, «Міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру туралы», «Жер кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы», «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы», «Ақпараттың қолжетімдігі туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», «Өзін-өзі реттеу туралы», «Ауыл шаруашылық кооперативтері туралы», кәсіпкерлік қызметті реттейтін бірқатар заңдар.

Жиын барысында сондай-ақ партиялық қызметті жүйелендіруге, күшейтуге бағытталған 21 регламенттік құжат бекітілгені айтылды.

Бастауыш партия ұйымдарымен қойылған сұрақтарға жауап бере келе, Кадрлық резервке түсініктеме берді. Төрағаның Бірінші орынбасары оның құрамы бастауыш ұйымдардың белсенділері мен партия белсенділерінен, «Жас Отан» Жастақ қанаты және белсенді жастар мен партия аппаратының қызметкерлерінен жасақталатыны айтылды.

«Электронды партия» жобасы аясында мемлекеттік органдардың және партияның электрондық құжат айналым жүйелері ұштастырылып, партиялық жарналарды интернет арқылы төлеудің онлайн жүйесін енгізу бойынша жұмыстар атқарылуда. Оған қоса қарапайым қазақстандықтардың мәселелерін жедел анықтап, оны уақытылы шешу үшін ахуалдық орталық құру жоспарланған.

Партияның қоғамдық қабылдауларына биылғы жылдың он айында 73 мыңнан астам өтініш тіркелген. Осы орайда жұмыстың нәтижелілігін арттыру мақсатында қажетті шешім қабылдауға құзыреті бола тұра мәселені шешпегендер анықталып, оларға шара қолдану жүйесі енгізілген. Оған қоса халықтың проблемалары, бағдарламалардың іске асырылуы, сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтар бойынша «Жедел желі» және «WhatsAPP» мессенджері іске қосылмақ.

Жиында өңірлердегі жұмысты жүйелі әрі сапалы атқару үшін партия филиалдарының институционалды нығайтылғаны, олардың  кадрлық әлеуетінің арттырылғаны көрсетіліп, ендігі жерде талаптың да артатыны айтылды.

Жұмыс сапары барысында бастауыш партия ұйымдары өкілдерімен кездесулер өткізген Төрағаның Бірінші орынбасары БПҰ-ның материалдық-техникалық және әдістемелік базасын нығайту жұмыстары қолға алынғандығы және бұл мәселе 2016 жылы түпкілікті шешімін табатынын жеткізді. Сондай-ақ, партия мүшелерінің сапалық құрамын экономика саласындағы қызмет етіп жүргендер, яғни ірі кәсіпорындар мен шағын және орта бизнес өкілдері және агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерінің есебінен кеңейту керектігі айтылды.

 

Сұхбат

PhotoRoom