2016 жылы «Ұлы дала елі» жобасын іске асырылады

Жаңалықтар
02.12.2015, 18:57

«Нұр Отан» партиясы 2016 жылдан бастап «Ұлы дала елі» жобасын іске асыруға кіріседі. Бұл туралы бүгін Мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысында «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Сапар Ахметов айтты.

«Нұр Отан» партиясы тарабынан жаңа «Ұлы дала елі» жобасы қолға алынып, орталық аппаратта оның тұжырымдамасы және республикалық іс-шаралар жоспары дайындалып жатыр. 2016 жылдан бастап біз «Ұлы дала елі» жобасын іске асыруға кірісетін боламыз», - деді ол.

Оның атап өтуінше, аталған жобаның басты мақсаты халқымыздың рухани, мәдени, ұлттық құндылықтарын сақтау және насихаттау, қазақстандық патриотизмды насихаттау шараларын ұйымдастыру болмақ.

Кеңейтілген отырыс барысында есімі елімізге танымал қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, тарихшы-ғалымдар, мәдени орындардың басшылары Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты жаңа Жолдауына қатысты өз пікірлерін ортаға салды.

Сұхбат

PhotoRoom