Елбасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевты қабылдады

Жаңалықтар
02.12.2015, 19:15

Д.Ақышев кездесу барысында Қазақстан Президентіне қаржы нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және ұлттық валютаның күрт ауытқуына жол бермеу үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде, сондай-ақ айналымға номиналы 20 мың теңгелік ақшаның енгізілгені туралы баяндады.

Сонымен қатар Ұлттық банк төрағасы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған, соның ішінде қаржы институттарын басқару, инфляция деңгейін төмендету, тиімді ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселелеріне қатысты тапсырмаларды орындау жұмыстары басталғанын айтты.

akorda.kz

Сұхбат

PhotoRoom