«Аманат» клубының отырысы Алаш әскеріне арналды

Жаңалықтар
09.12.2015, 18:06

Бүгін «Нұр Отан» партиясының қолдауымен, «Аманат» интеллектуалды пікірсайыс клубы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасымен бірлесіп, клубтың кезекті отырысын ұйымдастырды.

«Аманат» клубының бұл жолғы отырысы құрылуы мен қызметінің мерзімдік шеңбері 1919 жылдың аяғына дейінгі аралықты толық қамтыған Алаш әскеріне арналды.

Алаш немесе Алашорда әскері бастапқыда «халық милициясы», «халық әскері», «алаш әскері», «қазақ полкі» сияқты әртүрлі атаулармен аталды. Бастапқы қолданыстағы «милиция» сөзінің астарында елдің тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғайтын әскер ұғымы жатқаны да анық.

Алаш әскерінің іс-қимылдарын 1917-1919 жылдар аралығында жарияланған материалдар мен солардың негізінде жазылған зерттеулер бойынша сараланып келген еді. Енді бұл тақырып, нақты деректермен, бұрын соңды еш жерде көрсетілмеген фото және бейнематериалдармен толығып отыр. «Аманат» клубының кезекті отырысында зерттеуші, тарихшы Берік Әбдіғалиұлы Ресей жерінен тапқан тың дүниелерін көпшілікпен бөлісті.

Шараға сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасарының кеңесшісі Б.Уәли, белгілі алаштанушы ғалымдар Дихан Қамзабекұлы, Тұрсын Жұртбай, Ерлан Сайлаубай, Мұхтарбек Кәрімов және тағы басқа тарихшы ғалымдар, саясаттанушылар қатысты. Клуб отырысы аясында Алаш мұрасына қатысты көрме өтті.

Сұхбат

PhotoRoom