Назарбаев Мәскеуде жүр

Жаңалықтар
21.12.2015, 10:50

Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде өтетін жоғары деңгейдегі Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына және Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымының ұжымдық қауіпсіздік Кеңесінің сессиясына қатысады.

«ҰҚШҰ саммитіне Ресей Федерациясының, Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының президенттері қатысады. Шара барысында аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтудың негізгі мәселелері мен халықаралық терроризмге қарсы тиімді күрес жүргізу талқыланады», - делінген РФ Президентінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан ЖЕЭК отырысында Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының алғашқы жылдарының қорытындылары шығарылып, интеграциялық бірігуді одан әрі дамыту үшін бағдарлар айқындалады.

Нормативтік-құқықтық базаны дамыту, басқа интеграциялық бірлестіктермен және елдермен ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланады. Бірқатар ұйымдастырушылық аспектілер қарастырылады, оның ішінде келесі қаржылық жылға Кеңес бюджетін және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жаңа құрамын бекіту де бар.

Сұхбат

PhotoRoom